ШұғылЛицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларының кепілдік өтемі қайтарыла бастады

Төрт жарым мыңнан астам қазақстандық шетелде демалып жатыр - МСМ

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев мәлімдеді

Фото: ашық щереккөзден

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев шетелде демалып жатқан қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өркен Бисақаловтың айтуынша, қазіргі уақытта жолдамамен 4556 қазақстандық шетелде демалып жатыр.

«Олардың негізгі бөлігі Мысырда (2246 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінде (573 адам), Тайландта (466 адам), Үндістанда (2016), Мальдивтерде (2044 адам) демалуда. Қазір біздің туристерді елге қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр», - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, Эйр Астана Алматы-Шарм әл-Шейх бағыты бойынша рейсін іске қосуда. Ол рейспен 223 адам қайтып келеді.

«Бүгінгі таңда туристік саланың жағдайы оңай емес. Туроператорлар Қазақстан азаматтарын шетелге шығуын шектеуге байланысты шығындарды көтеруде. Біздің есеп бойынша төтенше жағдай бойынша жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 5526 адам сапарлардан бас тартуы тиіс», - деді Өркен Бисақаев.