ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Шымкент тұрғыны карантиннен қашып кетті

Ол 10 наурызда Мәскеуден Алматыға келген

Фото: ашық жереккөзден

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурыз күні ол Мәскеуден Алматы қаласына ұшып келген. Осы рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталған болатын. Сол себепті басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. 

«Тәртіпке бағынудан бас тартқан азамат ауруханадан қашып кетті. Дереу іздеуге кіріскен полицейлер оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тапты. Сол жерден ол қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді», - деп жазылған ақпаратта.

Шымкент қаласының тумасы Вьетнамда жұмыс істепті. Әлемде коронавирустың салдары ушыққан себепті Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген. 

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр.