Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр
ТЖ министрінің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М. Күлдіков жіберілді

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тілсіз жаумен күресуге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды.
«Сондай-ақ қызыл жалын тараған аймаққа тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М. Күлдіков жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды», - делінген хабарламада.