09.06.2023, 09:41
Оқиғалар
Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
Өрттен зардап шеккендер жоқ
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен
Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Павлодар ауданы маңында болған.
"Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды", - делінген хабарламада.
Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады. Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техникасы жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады