06.06.2023, 17:55
Оқиғалар
Екібастұзда ер адам суға батып кетті
Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен
Екібастұзда ер адам суға батып кетті. 1981 жылы туған азамат шомылуға тыйым салынған орында суға түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, үш құтқарушы мен бір техника 3 маусым күні сағат 16:28-де Екібастұз қаласында Зеркалка су айдынында 1981 жылы туған адамды іздестіру шараларын жүргізген.
«Ол шамамен сағат 15:20-да шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Ер адам достарымен бірге демалып отырған», – деді департаментте.
Құтқарушылар жас жігіттің денесін сағат 16:56-да тауып, жағаға шығарды.
ТЖ департаменті рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салынғанын және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілік күтетінін еске салады.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды