$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2023, 11:30
Оқиғалар

Ақтөбе облысында полиция бөлімінің аға тергеушісі мас күйінде көлік тізгіндеген

Облыстық полиция департаменті түсініктеме берді

Ақтөбе облысында полиция бөлімінің аға тергеушісі мас күйінде көлік тізгіндеген

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының аға тергеушісінің мас күйінде көлік жүргізген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видеоны түсірген ер адам өзін қоғам белсендісі ретінде таныстырады. Бейнежазбада оқиға орнына жол патрульдік полиция қызметкерлерінің де келгенін байқауға болады. Тәртіп сақшысы жүргізушіден құжаттарды талап еткен. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлеріне бағынудан бас тартқан. Артынша оқиға наркологиялық орталықта жалғасады. Аудандық аға тергеуші ол жерде де тәртіпке бағынбай, ақыры ғимараттан қашып шыққан.

Осы оқиға бойынша облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеріс жүргізуде. Қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданатын болады», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары