01.06.2023, 12:47
Оқиғалар
Бала терең шұңқырға құлады: Павлодар облысында ЖШС бастығына қатысты тергеу басталды
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен баланың жағдайы ауыр
Фото: Polisia.kz
Павлодар облысында ЖШС бастығына қатысты тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме қолданылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айта кетейік, 29 мамыр күні сағат 17:40-та жедел жәрдем аудандардың бірінен облыстық балалар ауруханасының жарақат пунктіне сегіз жасар баланы жеткізген. Анасының айтуынша, бала ауладағы биіктігі 2,5 метрге дейін су құбыры үшін қазылған шұңқырға құлаған. Дәрігерлер баланың жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған болатын.
Polisia.kz мәліметінше, аталған факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығына қатысты ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр