$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде Ішімдік ішіп жұмыстан қуылған экс-полицей сотқа шағымданды

Сот оның талаптарын қанағаттандырудан бас тартты

Ақтөбеде Ішімдік ішіп жұмыстан қуылған экс-полицей сотқа шағымданды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде жұмыс уақытында ішімдік ішкені үшін жұмыстан қуылған бұрынғы полиция басшысы сотқа арыз жазып, жұмысына оралмақ болған. Алайда оның әрекеті сәтсіз болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Диапазон» басылымының жазуынша, Ерлан Төлеубайдың құқық қорғау саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. 2021 жылдың наурызында Төлеубаев Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық полиция бөлімінің бастығы болды. Алайда арада тура бір жыл өткен соң, яғни 2022 жылдың наурызында ол жұмыс уақытында алкогольдік ішімдік ішіп, қызметтік тәртіпті өрескел бұзып, полицияның беделіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылық жасағаны үшін қызметінен босатылады.

Бірақ Төлеубаев қызметіне қайта орналасу және «мәжбүрлі» еңбек демалысының барлық күні үшін еңбекақысын толық қалпына келтіру үшін басшылықтың бұл шешіміне сот арқылы шағымдануды ұйғарады.

Полиция басқармасының бұрынғы басшысы сағат 18:00-ден кейін, яғни жұмыс уақыты біткен кезде ішімдік ішкенін, сондықтан жұмыстан заңсыз шығарылғанын айтты. Сондай-ақ ол сотқа қызметтік тергеу барысында заңбұзушылықтарға жол берілгенін, ал Темір аудандық полиция бөлімінің бастығы бұған дейін қызметінен босатуды ұсынғанын, ол бас тартқанын, осыған байланысты басшылықтың өшпенділік танытқанын жеткізеді.

Сот анықтағандай, кестеге сәйкес, поллиция бөлімі қызметкерлерінің, оның ішінде талапкердің жұмыс күні 19 сағатқа дейін созылатыны, сондықтан оның жұмыс уақытында алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Сонымен қатар талапкер алкогольді ішімдік ішкені үшін қайта сараптамадан өтуге құқылы болғанымен, оны пайдаланбаған. Сондай-ақ сот талапкердің теріс қылығы қоғамда наразылық туғызғанын атап өтті. YouTube желісінде Ерлан Төлеубайдың жергілікті емханада медициналық тексеруден өтуі керек болғаны көрсетілген видео жарияланды. Видео авторы ауылдық полиция бөлімі бастығының қатты мас болғанын айтып, оған шара қолдануды сұраған. Талапкер сотта видеоның авторы емханаға оны түсіру үшін әдейі келгенін, мұның бәрі алдын ала ұйымдастырылған әрекет екенін айтып, ақталды.

«Сот анықтағандай, ауылдың полиция бөлімінің басшысын ешкім арандатуға тырыспаған. Судья Илиад Досова бұрынғы полиция бастығының талаптарын қанағаттандырудан бас тартты, ол өз қызметіне қайтып орала алмады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары