$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2020, 14:59
Оқиғалар

Қапшағайдағы металл қабылдау орнында авиациялық снаряд жарылған – Қорғаныс министрлігі

Оқиға салдарынан ер адам қаза тапты

Қапшағайдағы металл қабылдау орнында авиациялық снаряд жарылған – Қорғаныс министрлігі

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы металл қабылдау орындарының бірінде жарылыс 14 наурыз күні болған. Оқыс оқиға салдарынан сол жердегі жұмысшының қайтыс болғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Осы оқиғаға қатысты бүгін еліміздің Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Өйткені, бейнебақылау камерасына жазылып қалған кадрдан жарылған заттың снарядқа ұқсайтыны анық көрінеді. Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, снарядты металл қабылдау орнына белгісіз үш адам келіп өткізген. Олар қазір ұсталып, тергеуден өтіп жатыр.

«Қабылдау пункті иесінің сөзіне қарағанда, 13 наурыз күні кешке белгісіз үш адам металл сынықтарын алып келген, оның ішінде басқарылмайтын авиациялық снаряд болған. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, барлық жағдайлар нақтылануда», - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, күдіктілер снарядты «Қазақстан» полигонынан алып келуі мүмкін. Жыл сайын мұнда 5 мыңға жуық зымыран атылады екен.

«Ескертулер мен қабылданған қауіпсіздік шараларына қарамастан металл жинаушылар полигонға заңсыз еніп, снаряд бөлшектерін, оқ-дәрі фрагменттерін жинайды. Әскери полиция органдары жүргізген түсіндіру жұмыстарына қарамастан оларды жинау пункттері заңсыз қабылдайды», - делінген аталған хабарламада.

Әлі расталмаған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан ер адам – 1996 жылғы жігіт екен. Ол осы жерде металл қабылдаушы болып жұмыс істейді.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары