$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2023, 16:05
Оқиғалар

Абай облысындағы орман өртінің ашық ошақтары сөндірілді

Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Абай облысындағы орман өртінің ашық ошақтары сөндірілді
Фото: Абай облыстық ТЖД

Абай облысында орман өртінің ашық ошақтары жойылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тікұшақпен жасалған шолу қорытындысы бойынша «Семей орманы» МОТР аумағында өрт ошақтарының сөндірілгені байқалады. ТЖ қызметтері өртті сөндіру үшін барын салуда. Таңертең «Қазавиаселденқорғау» МИ-8 тікұшағымен су төгілді», - деп атап өтті әкімдік қызметкерлері.

Абай облысының аумағында орман өртін жоюға облыстың ТЖД, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Айта кетерлігі, өткен түнде ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы келді. Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5.00-де Ресей Федерациясының аумағында өрт жойылды.

«Бөлімше мамандарымен бірге түні бойы сол жерде кезекшілік еттік. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себепті эвакуациялау жұмыстары болмады. Бүгінгі таңда учаскеде 92 бірлік техника жұмылдырылған. Таңертең 2 тікұшақ тартылды: Өскемен авиаотряды және жабдықталған су төгетін жүйесі бар «Қазавиақұтқару» борты. 4 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Жел жағдайды қиындатып жіберді», - деп атап өтті Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Айта кетейік, Абай облысынан өртті сөндіруге 11 бірлік техника, 8 бірлік көмекші техника, 71 жеке құрам жұмылдырылған. Өскемен қаласынан 7 бірлік техника мен 31 жеке құрам келді. Мемлекеттік қордан 27 мамандандырылған машина тартылды. Оқиға орнында ТЖД, ІІД, аумақтық инспекция және «Семей Орманы» МОТР басшылары да бар. Орман өртінің жалпы ауданы 1000 гектардан асты.

Серіктес жаңалықтары