13.03.2020, 17:58
Оқиғалар
Коронавирус жұқтырған үшінші қазақстандық Нұр-Сұлтанда тіркелді – министр
Ол 12 наурызда Милан қаласынан келген
фото: gazeta.ru
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші Қазақстан азаматы анықталғанын хабарлады. Ол – 12 наурызда Милан қаласынан (Италия) Нұр-Сұлтанға Мәскеу арқылы ұшып келген әйел адам.
«Лабораториялық анализ бойынша ол әйелден коронавирус анықтадық. Әуежайдан келген бойда карантинге жабылған еді. Бұл бортта тағы 90 жолаушы болған. Оларға қатысты санитарлық жұмыс жасалуда. Бәрімен хабарласып, карантинге аламыз», - деді министр.
Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда бақылауға алынған 1425 адам бар. Оның 938-і карантинге жабылған. Қалғандары үйде оқшауланған.
Бұған дейін Біртанов Алматыда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелгенін мәлімдеген еді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады