$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2023, 16:29
Оқиғалар

FlyArystan әуекомпаниясының ұшағына найзағай түсті

Қауіпсіздік талаптарына сай ұшаққа тексеріс жүргізіліп жатыр

FlyArystan әуекомпаниясының ұшағына найзағай түсті

Түркістан - Ыстамбұл бағытындағы рейс ауа-райының қолайсыздығына байланысты, нақтырақ айтқанда, оның алдында орындалған рейсте ұшақтың алдыңғы бөлігіне найзағайдың түсу себебінен кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясының ресми Telegram каналында жазылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

КС7425 рейсі бүгін сағат 13:05-те ұшуы тиіс болған.  Алайда, қауіпсіздік талаптарына сай ұшаққа тексеріс жүргізілуі тиіс.

«Біз рейстердің кешігуінің және тоқтатылуының алдын алу үшін қолымыздан келгенін жасап жатырмыз, бірақ кейбір жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс екенін ескереміз. Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша 19.05.23 күні сағат 17:00-де ұшады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Еске салайық, әуекомпанияның тарапынан рейстің жолаушыларына:

1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады.

2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады.

 3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары