$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таиландта қазақстандық туристер қайық апатына ұшырады

Катерде барлығы тоғыз қазақстандық азамат болған

Таиландта қазақстандық туристер қайық апатына ұшырады

Таиландтың Пхукет аралындағы жағалауда катер апатқа ұшырап, 30-ға жуық шетелдік турист түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Пхукет провинциясы әкімшілігінің ақпараттық орталығы хабарлағандай, 33 шетелдік турист пен төрт экипаж мүшесі бар қайық сәрсенбі күні түстен кейін көрші аралдардан Пхукетке оралған. Жағаға 100 метрдей жақындап қалған кезде жылдамдықпен келе жатқан қайық кемелерге қауіпсіз тереңдіктерді көрсететін тұратын сигналдық мұнара бетон бағанына соғылған.

Ақпарат орталығының хабарлауынша, қайықтағы адамдардың алтауы, оның ішінде төрт ресейлік және екі тайландтық азамат салыстырмалы түрде ауыр, тағы 13 адам орташа, 18 адам жеңіл жарақат алған. Екі адам – бір Таиланд азаматы және бір Қазақстан азаматы зардап шеккен жоқ.

«Катерде барлығы төрт тайландтық, 21 ресейлік, тоғыз қазақстандық азамат, екі қытайлық және бір украиналық азамат болған», - делінген хабарламада.

Апат кезінде зардап шеккендердің барлығы Пхукеттің жетекші жеті ауруханасына жеткізілді.

Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша, апатқа қайық капитанының салғырттығы себеп болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары