18.05.2023, 09:07
Оқиғалар
Оралда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті
Зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды
Фотоколлаж
Оралда 43 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамырда сағат 10:20 шамасында Назарбаев даңғылында «Типография» аялдамасына қарама-қарсы жерде «Лада Калина» көлігінің жүргізушісі 1980 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Ол жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Апат салдарынан зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі «Жол жүру ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды