15.05.2023, 21:26
Оқиғалар
Талдықорғанда мас адам оқушы баланы ұрып кеткен
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Фото ашық дереккөзден
14 мамырда Талдықорған қаласының полиция басқармасына 46 жастағы әйел шағыммен келіп, ұлын белгісіз ересек адам ұрғанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді соққан Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт қатты мас болған. Сондықтан ол жергілікті медициналық айықтырғышқа орналастырылды.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
