15.05.2023, 08:17
Оқиғалар
Атырауда белгілі журналистің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: polisia.kz
Атырау облысында белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді делінген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Облыстық криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягинге тиесілі Lexus RX-300 көлігі өртеніп кеткені хабарланған болатын. Оқиға 11 мамырға қараған түні болған және бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды