11.05.2023, 09:39
Оқиғалар
«Біраз уақыттан соң жарылыс болды»: Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін белгісіз біреу өртеп жіберді
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мен көлікті үйдің бұрышына қалдырып кеткен болатынмын. Сағат 00:00-де сыртқа шыққанда тыныш еді. Көршінің бейнебақылау камерасынан күдікті адамның сағат 02:24-те келгенін көруге болады. Ол көліктің капотын ашып, бірдеңе істеп жатты. Біраз уақыттан соң жарылыс болды. Күдіктінің өзі зардап шегуі мүмкін. Одан басқа ешкімге зақым келген жоқ. Жақын жерде көршілердің көліктері тұрған болатын. Алайда оларды алып үлгерді»,-деді журналист.

Виктор Сутягин «ҚазАқпарат» ХАА-ның Атыраудағы меншікті тілшісі.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)