14.10.2019, 22:37
Оқиғалар
Қазақ-қытай шекарасынан ірі көлемде валюта алып өтпек болғандар ұсталды
Тәркіленген ақша ішінде АҚШ, Қытай және қырғыз валюталары бар
«Қорғас» кеден бекетінде Қытайға 10 млн теңгені жасырын алып өтпек болған қазақстандықтар ұсталды деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы Қазақстанның екі азаматы бірнеше елдің валютасын заңсыз алып өтпек болғанда ұсталды. Декларацияда көрсетілмеген қаржы ер мен әйел адамның қол жүгіген анықталған.

Тәркіленген валюталар қатарында теңгеден бөлек АҚШ доллары, қытай юані және қырғыз сомы бар. Контрабандалық ақшаның жалпы сомасы 9 978 740 теңге (3 803 400 теңге, 3 000 АҚШ доллары, 90 000 юань және 570 қырғыз сомы).
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды