Беларусьте сотталған екі отандасымыз жазасын Қазақстанда өтейді

Azattyq Rýhy

Олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

Беларусьте сотталған екі отандасымыз жазасын Қазақстанда өтейді
Коллаж: kaztag.kz

Беларусь Республиасында сотталған қазақстандық екі азамат Қазақстанға берілді. Олар жазасын өтеу мерзімін елімізде жалғастырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары «К» және «М» беру туралы сұранысын қанағаттандырды.

Азамат «К»  Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған», - делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді. 

«Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.