Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ұсталды – агенттік

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, қазір оған қатысты тергеу жүргізілуде.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Руслан Мамунов қамауға алынды. Тергеу құпиялылығына байланысты басқа ақпараттарды бере алмаймыз», - деді Данияр Бигайдаров.

Наурыз айының басында бірқатар БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов қамауға алынды деген ақпарат тарады. Бірақ, бұл ақпараттың жалған екенін алдымен Мамунов басқарып отырған Ақтөбе облыстық футбол федерациясы, кейін шенеуніктің өзі мәлімдеген еді.