Алматы облысында 11-сынып оқушысы көпірден секіріп қайтыс болды (ВИДЕО)
Оның жанында жігіті болған
Алматы облысы Талғар қаласында 11-сынып оқушысы көпірден секіріп кетті. 16 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, қыз көпірден секірген кезде жанында жігіті болған. Оқиға кеше кешке, яғни 11 наурыз күні шамамен, сағат 17:30 кезінде болған.
«Оқушы Талғар қаласындағы №2 мектепте оқыған. Көпір биік, асты тас, әрі судың ағыны қатты болған. 2004 жылғы қыз жағдайы жақсы отбасынан шыққан. Көпірден секірген кезде жанында жігіті болған деген болжам да қарастырылып жатыр. Нақты себебін анықтап жатырмыз», - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанкелді Өмірәлиев.
Мектеп директорының берген мінездемесінде Іңкәр Қарамырзаның отбасындағы жалғыз қыз екені, оқу үлгерімі орташа, сабақтан себепсіз қалмайтыны айтылған.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы