ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Актер Том Хэнкс пен оның әйелі коронавирус жұқтырды

Актер әйелімен бірге Аустралияда жүргенін хабарлады

Фото: AFP/Getty

Америкалық әйгілі актер Том Хэнкс пен оның жұбайы Рита Уилсон коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әртіс өзінің Twitter парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.   

«Сәлем, достар. Рита екеуіміз қазір Аустралияда жүрміз. Екеуіміз де өзімізді шаршаңқы әрі суық тигізіп алғандай сезініп едік, оның үстіне дене-басымыз ауырып тұрғандай болды. Рита ара-тұра қатты тоңып, қалшылдап жүрді. Қазіргі уақыт талабына сай бәрін дұрыс жасау үшін біз коронавирусқа тексерілдік, сөйтсек ауру жұқтырып алған екенбіз», – деп жазды ол Twitter парақшасында.  

Том Хэнкс «Үлкен», «Форест Гамп», «Қатардағы Райанды құтқару», «Гончая», «Гудзондағы ғажайып», «Жасыл миля» және көптеген фильмдердегі рөлдерімен көрерменге жақсы таныс. 2016 жылы АҚШ президенті Барак Обама Хэнкске президенттік Азаттық төсбелгісін табыс еткен болатын.

Айта кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухань қаласында пневмония ауруының көптеп таралып жатқанын хабарлаған еді. Аурудың қоздырғышы корнавирустың жаңа түрі болып шықты, оған ресми түрде COVID-2019 деген атау берілді.