«Күнде денесі көгеріп келетін». Астанада ерекше балаларға арналған орталықтың тәрбиешісі балаларды жәбірлеген

Azattyq Rýhy

Оңалту орталығының бейнебақылау камерасына жазылған көрініс қазір әлеуметтік желіге тарап кетті

«Күнде денесі көгеріп келетін». Астанада ерекше балаларға арналған орталықтың тәрбиешісі балаларды жәбірлеген
instagram.com\astananews.kaz

Астанадағы ерекше балаларды бағып-қағатын орталықтардың бірі – «Нұрлы жүрек» мекемесінің тәрбиешісі алты жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл оқиғаның дәлелі қазір әлеуметтік желідегі пабликтерге тарап кеткен. Оқиғаны бейнежазбадан көріп, таспаны алған және оқиғаның мән-жайын ашық айтқан – баланың анасы.

Анасының айтуынша, ұлы бұған дейін қаладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшада да зәбір көрген. Қаңтар айында тіркелген ол оқиға бойынша әлі тергеу жүріп жатыр. Осыған байланысты, Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қорғау басқармасы баланы басқа орталыққа ауыстырған. Анасының айтуынша, баласы жаңа орталыққа 1 сәуір күні қабылданған. Осы аралықта баласының денесі көгеріп келетіндіктен, анасы бейнебақылау камераларының жазбасын қараған. 

Бейнежазбаны көре сала келіншек Астана қаласының Полиция департаментіне арызданған.

«3 мамыр күні сағат  кешкі 19:48-де полицияға елорда тұрғыны хабарласып, қаладағы оңалту орталықтарының бірінде тәрбиеші 6 жасар ұлын ұрып-соққаны туралы арыз түсірді.  Қазір осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.