$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2023, 15:50
Оқиғалар

Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Жантүршігерлік оқиға 26 сәуір күні болған

Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда 85 жастағы зейнеткер 50 жастағы ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полицияның мәліметінше, 26 сәуір күні Ермеков көшесіндегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер бар ер адамның мәйіті табылды. Оның жанында 85 жастағы анасы, яғни пәтердің иесі болған.

«Анасы мен ұлы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары