04.05.2023, 13:17
Оқиғалар
Павлодарда жеке тұрғын үй өртенді
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ
Павлодарда жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 23:01-де Лебяженская көшесі, 68 мекенжайында бір қабатты жеке тұрғын үй өртенді. Жалын жалпы алаңы 250 шаршы метрді шарпыды.
«Үйдің шатыры жартылай опырылып, ағаш конструкциялары, қазандықта, дәлізде, қосалқы бөлмеде тұрмыстық заттар жанды. Өрт сағат 00:48-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – дейді департаментте.
Оқиға орнынан 27 литрлік бір газ баллон шығарылды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Облыстық ТЖД жеке құрамынан 34 қызметкер мен жеті техника, медициналық апаттар орталығынан төрт адам мен бір техника жұмыс істеді.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды