$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2023, 09:55
Оқиғалар

«Аллаһқа қайтты, болды» – Ақтауда үш баласын өлтірген күдіктінің әйелінің жауабы жұртты шошытты

Жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың деректер жарияланды

«Аллаһқа қайтты, болды» – Ақтауда үш баласын өлтірген күдіктінің әйелінің жауабы жұртты шошытты

Ақтауда полиция 3 баласын бауыздап өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адамға қатысты тың деректер айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Koremiz бағдаламасында айтылғандай, күдікті Жәнібек Есеновтің Сириядан «Жусан» операциясы арқылы елге оралғаны айтылды.

Жігіттің жат ағым жетегінде кеткенін көршілері мен туыстары да растап отыр.

«Олардың діни ұстанымы бөлек. Тұмшаланып жүреді», - дейді туысы.

Өзі әрқашан қысқа балақты шалбар киініп жүрсе, әйелі беті-басын бүркеп, жұрттан аулақтап жүруге тырысатын болған.

Ерлі-зайыптылардың екі қызы мен бір ұлы болған. Екеуі 2022 жылы желтоқсанда ажырасып кеткен.

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғаға о баста әйелдің бұрынғы күйеуінен алимент төлеуді талап етуі себеп болуы мүмкін.

Жантүршігерлік жағдайдан кейін үш баласынан айырылған Айдана тілшілерге болған жағдайға байланысты телефон арқылы пікір білдірген.

«Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Бәрі «вахабис» дейді. Айта берсін... Маған бәрібір. Ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін. Болды. Балалар сол адамның себебімен Аллаһқа қайтты, болды...» – дейді марқұм болған үш баланың анасы.

Серіктес жаңалықтары