02.05.2023, 16:49
Оқиғалар
Астанада балабақшалардың бірінен өрт шықты
Өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр
Елордадағы балабақшалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Хлудова көшесі, 1 мекенжайында орналасқан балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу адамдарды іздеуге кірісті. Балабақша әкімшілігінің айтуынша, барлық баланы өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуациялаған», - делінген хабарламада.
Соңғы мәлімет бойынша, өрт 16:15-те оқшауланды.
Өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.
Айта кетсек, аталған балабақша Астананың орталығы саналатын Шұбар» шағынауданында орналасқан.
Видео: t.me/astanovka98
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты