$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2023, 13:18
Оқиғалар

Екібастұзда ішімдік ішкен екі әйел көшеде төбелескен

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

Екібастұзда ішімдік ішкен екі әйел көшеде төбелескен
видеодан скриншот

Екібастұзда түнде төбелескен екі әйел полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Бейнекадрлардан төбелесіп жатқан екі әйелді ер адамдардың ажыратып жатқанын көруге болады. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуірде сағат 00:25 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Энергетиктер көшесі, 103 көшесіндегі «Федор» дүкенінің жанында жанжал болып жатқаны туралы шақыру түскен. 

«Аталған факті тіркелді, екі әйел де полицияға жеткізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы – «спирттік ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйінде пайда болу» және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – «ұсақ бұзақылық» бойынша хаттамалар толтырылды»,- деп хабарлады департаментте.  

Серіктес жаңалықтары