28.04.2023, 18:06
Оқиғалар
Ақмола облысында 100-ден астам ірі қара мен жылқы суға батып кетті
Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қойған
видеодан скриншот
Ақмола облысы Атбасар ауданында 100-ден астам ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қойған. Арам өлген жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі. Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығарып жатыр. Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға тасып жатыр. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ.
Сала мамандары суға батып өлген жануарлардың сақтандырылмағанын айтады. Сондықтан иелеріне ешқандай өтемақы төленбейді.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды