ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Алматы облысында 8 жасар қызды зорламақ болған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаскөй қызды жертөлеге алып кеткен
 

Оқиға 7 наурыз күні Талдыбұлақ ауылында болған. Үйінің маңында ойнап жүрген 2-сынып оқушысын 30 жастағы ер адам алдап шақырып алып, иесіз, бос жатқан ғимараттың жертөлесіне алып кетіп, арам ойын жүзеге асырмақ болған. Қызға іздеу салған ата-анасы оны 2 сағаттан кейін, ұялы телефоны арқылы тауып алды, - деп хабарлайды Almaty.tv  

Телеарнаның мәліметінше, 1990 жылы туған жұмыссыз азамат сол күні мас болыпты. Ауыл адамдары күдіктіні сырттай танитын болып шықты. Сөйтсе, нәпсісін тия алмаған жігіт сол ауылдың, сол көшенің тұрғыны екен.

 «Жақсы бала болатын. Жақсы араласатынмын. Естігенде таң қалдым, көз алдымда жүрген бала еді», - деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Диана Иманқұлова.

Мұндай жағдай ауылда бірінші рет болған. Оқиғадан ауыл халқы үрейленіп қалғандарын айтады.

«Қорқынышты, баламызды мектепке, алып барып, алып кетеміз. Қыстыгүні соңғы сабақ жеті жарымда бітеді, үйге келгенше қараңғы болады», - деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Лаула Төрегельдина.

Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жалғасуда.