11.03.2020, 01:44
Оқиғалар
Жамбыл облысының тұрғынынан 35 келі есірткі тәркіленді
Күдікті қамауға алынды
Жамбыл облысының есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы, Төле би ауылының 41 жасар тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Себебі азаматтың автокөлігін тінту кезінде салмағы 4 келі 630 гр гашиш табылған. Есірткі заты целлофан пакетке оралыпты.
Ал күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде 12 - калибрлі мылтық, 4 оқ-дәрі, ал қоймасынан тағы салмағы 30 келі 380 гр болатын марихуана тәркіленген. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді