$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2023, 12:40
Оқиғалар

«Ол жарылыстың дәлелі болып танылмайды»: Маңғыстау облысы ТЖД әлеуметтік желіде тараған видео туралы

Әлеуметтік желіде жарылыс орнын мамандардың қарауы барысынан видео таратылады

«Ол жарылыстың дәлелі болып танылмайды»: Маңғыстау облысы ТЖД әлеуметтік желіде тараған видео туралы

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде таратылатын видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласында 17 сәуір күні көппәтерлі тұрғын үйде болған жарылыс орнын мамандардың қарауы барысынан видео таратылады. Желі қолданушылары апат зақымдалған құбырдың кесірінен болуы мүмкін екенін жарыса жазуда. Алайда Төтенше жағдайлар департаменті видеоға қатысты мәдімдеме жасады.

«Назарларыңызға саламыз, көрсетілген бейнероликтер жарылыстың дәлелі болып танылмайды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатырған жарылыс-техникалық сараптама бірнеше кезеңнен тұрады, көру арқылы бақылау, тереңірек және егжей-тегжейлі зерттеу үшін жағдайды бағалау қажет. Сонымен қатар қандай да бір жалған ақпараттарды жария ететін болса ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары