$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2023, 10:56
Оқиғалар

Көкшетауда ескі көліктің жүк салғышынан қару-жарақ арсеналы табылды

Қару сақтауға қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталды

Көкшетауда ескі көліктің жүк салғышынан қару-жарақ арсеналы табылды

Көкшетау қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару-жарақ қоймасын тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция өкілдері хабарлағандай, қару-жарақ арсеналы жеке үйдің аумағында тұрған ақаулы көліктің жүксалғышында жасырылғаны белгілі болды.

«18 сәуірде Ақмола ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ қоймасын тапты. 4 бірлік қару, оның ішінде ИЖ-К 16 калибрлі мылтықтың тегіс ұңғылы бір ұңғылы кесіндісі, 16 калибрлі ТОЗ – БМ маркалы мылтықтың тегіс ұңғылы кесіндісі, ТТ тапаншасы және оқ-дәрісімен Удар – М2 аэрозольдік тапаншасы ВАЗ-2114 автокөлігінің жүксалғышынан табылды», - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

«Тергеу және жедел іс-шараларды жүргізу кезінде полицейлер қаруды сақтауға қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады», - делінген хабарламада.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар жедел уәкілдер бұл мылтықтар мен тапаншалардың Көкшетауда қалай пайда болғанын анықтап жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары