$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2023, 09:46
Оқиғалар

Ақтөбеде ірі есірткі жеткізу арнасы анықталды – ІІМ

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ақтөбеде ірі есірткі жеткізу арнасы анықталды – ІІМ
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде «синтетика» жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«15 сәуірде Ақтөбе облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері және ҚР ІІМ ЕБҚІҚД-мен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының кіре берісінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda-626 автокөлігін тексеру барысында ішінде ұнтақ заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты. Ұсталған адамның тұратын жерінен тағы бірнеше полиэтилен орамы және 100 zip-пакет алынған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жаңақоныс ауылында есірткі жасырған орын анықталып, онда ұнтақ заты бар орама алынған.

«Жалпы салмағы 2 кг-нан астам «синтетика» тәркіленді», - делінген хабаралмада.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті ҚПК-тің 128-бабының тәртібіне сәйкес ұсталды.

Серіктес жаңалықтары