$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2023, 14:54
Оқиғалар

Ақтөбеге ұшып келген ұшақта ресейлік азамат кенеттен көз жұмды

Қайғылы оқиға 15 сәуірде сағат 18.00 шамасында болған

Ақтөбеге ұшып келген ұшақта ресейлік азамат кенеттен көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеге ұшып келген ұшақта ресейлік азамат кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Диапазон» басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 сәуірде сағат 18.00 шамасында болған.

Белгілі болғандай, ұшақ Ақтөбеге Шарм-әл-Шейхтен келген.

Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ әуежайға жеткен кезде жігіт ата-анасына киімін ауыстыратынын айтқан. Алайда сол сәтте есінен танып құлап көз жұмған. 

Жолаушының Уфа қаласының тұрғыны екені туралы деректер бар.

«Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Ол 12 минутта келді. Дәрігерлердің айтуынша, «ұшақта ешбір тіршілік белгісі жоқ ер адам жатқан. Өлім жедел жәрдем келгенге дейін болған, жігіт кенеттен өайтыс болған, өлім себептері белгісіз», - делінген хабарламада.

Жігіттің денемін туыстары үйіне алып кеткені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары