12.04.2023, 13:38
Оқиғалар
Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды
Тағы үш адам ауруханада жатыр
Фото: ҚР ІІМ
Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 сәуірде сағат 20:30 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Ленинский-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 автокөліктердің соқтығысуы орын алды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2021 жылы туған Audi-80 автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Автокөліктер айып тұрағына қойылды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы