$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімінің қамау мерзімі ұзартылды

Ол мемлекетке 199,4 млн теңге залал келтірді деген күдікке ілінген болатын

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімінің қамау мерзімі ұзартылды
Фото: diapazon.kz

Ақтөбе СПК экс-төрағасы, Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевтың қамаудағы мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ермек Имантаев 2023 жылдың 10 ақпанында екі ай мерзімге - 8 сәуірге дейін қамауға алынған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қамауға алу мерзімі ұзартылды.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, үлестес тұлғаларға жеңілдетілген бағамен жер телімін заңсыз сатып, мемлекетке 199,4 миллион теңге залал келтірді деген күдікке ілінді.

«Айыпталған бапта мүлкін тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу арқылы шектеу немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деді Антикор өкілдері.

Айта кетсек, Ермек Имантаев 2002 жылдың сәуірінен 2004 жылдың шілдесіне дейін Ақтөбе облысының әкімі болды, одан кейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде жұмыс істеді. 2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейін «Ақтөбе» ӘКК басқарды.

Серіктес жаңалықтары