07.04.2023, 15:56
Оқиғалар
Астанада 6 көлікті бүлдірген жүргізуші іздестіріліп жатыр
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Бүгін, 7 сәуір күні сағат 08:20 шамасында «Камаз» маркалы автокөлік жүргізушісі К.Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай жүріп, тұрақта тұрған 6 көлік құралының соғылуына жол берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Бірнеше метр жүргеннен кейін ол көліктен шығып, оқиға орнынан қашып кеткен. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.
«Қазіргі уақытта жүргізушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады