07.04.2023, 15:25
Оқиғалар
Ақмола облысында суға кеткен трактор жүргізушісі іздестіріліп жатыр
Оқиға бүгін түнде Қараөзек ауылында болған
видеодан скриншот
Ақмола облысы Қараөзек ауылында суға кеткен трактор жүргізушісі жоғалып кетті. Ол түнде техникасымен қар суы жиналған шұңқырға түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта тракторшыны іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған 10 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Әзірге белгілісі, жоғалып кеткен ер адам 36 жаста болған.
Ол түнгі сағат 4 шамасында жолдан өтіп бара жатып, техникасымен бірге қар суы жиналған жарға түсіп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші суға ағып кетті.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды