14.10.2019, 13:43
Оқиғалар
Атыраулық дәрігерлер 1 жасар сәбидің асқазанынан пластмасса қақпақ алып шықты
Қазіргі таңда баланың өміріне қауіп жоқ
Атырауда бір жастағы сәби бөтелкенің қақпағын жұтып қойды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Тамақ жеп отырып, пластмасса қақпақты жұтып қойған бала ауыр жағдайда екі күн үйінде жатқан. Сәбидің қызуы күрт көтеріліп, шашала берген соң ғана ата-анасы ауруханаға апарған. Тексеру барысында асқазанынан қақпақ табылған сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Тексеріс кезінде дәрігерлер баланың асқазанында пластмасса қақпақтың барын анықтады. Ота жасалып, кейін сәби қарқынды түрде ем шараларын қабылдады. Қазіргі таңда бала толық қалпына келді, жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ», - деді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев.
Көп оқылған
03.08.2026, 09:13
«Сені зорлап тастаймын»: Ақтауда жартылай жалаңаш ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
03.08.2026, 11:51
Ата-анасы жалғыз ұлынан, бала-шағасы асыраушысынан айырылды: Жамбыл облысында ер адамды атып өлтіріп кетті
03.08.2026, 08:27
Ақтаудағы Каспий теңізінде үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген жас жұпты ағыс алып кетті
03.08.2026, 10:17
Шекарада мыңдаған шетелдіктің қылмысы анықталды: ҰҚК өткен айда ел қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнгенін жариялады