14.10.2019, 10:08
Оқиғалар
Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы қағып, Қазақстанға қашып кеткен павлодарлық тұрғын сәбидің ата-анасынан кешірім сұрады
Осы оқиғадан кейін Корей билігі еңбек мигранттарының елге кіріп-шығу тәртібін қатаңдатты
Отандасымыз Оңтүстік Кореяға өз еркімен барып, жәбірленген баланың ата-анасынан кешірім сұраған деп жазады M.yna.co.kr порталы.
Ер адам Инчхон әуежайына келіп қонған.
Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық мигрант Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы көлікпен қағып, артынша Қазақстанға қашып кеткен еді. Сәби жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан: оның сүйектері 18 жерден сынып, басынан ауыр жарақат алыпты.
Балаға күрделі операция жасалды. Әкесінің айтуынша, сәби адамдармен сөйлесуден қорқып қалған.
Ал, Қазақстанға қашқан жігіттің Павлодар тұрғыны екені анықталды. Осы оқиғадан кейін Корей билігі еңбек мигранттарының елге кіріп-шығу тәртібін қатаңдатты.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды