$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2019, 09:18
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 3 ер адам зорланған

Зорлыққа қатысты 48 істің тек үшеуі сотқа өткен

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 3 ер адам зорланған

Ақтөбе облыстық Құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы облыстағы зорлық деректерінің санын жариялады. Мамандардың айтуынша, өңірде қыздармен қатар, ер адамдарды да зорлау фактілері жиілеген деп жазады aktobetimes.kz.

6 қазан күні облыстық балалар ауруханасына 15 жастағы қыз келіп түскен. Ол өзін автокөлікте 24 жастағы ер адамның зорлағанын айтыпты. Қылмыс Заречный-2 ауылында болған.

Жасөспірімдер ғана емес, өңірде үлкендерге де жиі зорлық жасалады. Мәселен, жыл басынан бері 18 жастан асқан 48 адам зорланған. Олардың арасында үш ер адам да бар. Бірі 20 мен 30 жас аралағында, қалған екеуі 40-50 жас аралығындағы ақтөбелік тұрғындар.

Осы 48 оқиғаның тек 3 жағдайында ғана полицейлер істі сотқа жолдаған. Соның тек біреуінде қылмыскерге 3 жыл 6 ай жаза тағайындалыпты. Қалған оқиғалардың бәрінде тараптардың татуласуынан қылмыстық іс жабылған.

Серіктес жаңалықтары