$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2023, 14:22
Оқиғалар

Ақтөбеде полиция бөлімі басшысына қатысты тергеу басталды

Ол сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді

Ақтөбеде полиция бөлімі басшысына қатысты тергеу басталды
t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде полиция бөлімі басшысына қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

«Полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады: 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі.», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары