$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2023, 09:16
Оқиғалар

Арнайы операция: ҰҚК психотроптық зат өндіретін ірі есірткі зертханасын жойды

Түркістан облысында жасырын өндіріс базасы анықталды

Арнайы операция: ҰҚК психотроптық зат өндіретін ірі есірткі зертханасын жойды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотроптық заттар өндіретін ірі есірткі лабораториясын жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің рекордтық партиясы – 200 келі дайын өнім мен 15 тонна прекурсорлар және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді.

Зерделеу барысында жедел қызметкерлердің назарына Қазақстанға тыйым салынған заттардың ауқымды өндірісін ұйымдастыру және оны әрі қарай ТМД елдерінде іске асыру мақсатында келген шетелдік азамат іліккен.

«Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Түркістан облысындағы жасырын өндіріс базасы анықталды. Есірткі зертханасы заманауи құралдармен жабдықталып, 0.4 гектар аумақта орналасқан және қоршау бойымен бейне бақылау камералары мен қозғалыс сенсорлары қойылғанын атап өту қажет. Қаскүнем құпиялық шараларын қатаң сақтап келген», - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Ұйымдастырушы «альфа-PVP» психотроптық затын әзірлеу сәтінде, яғни қолма-қол қылмыс үстінде ұсталды.

Аталған факт бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу материалын тіркеді.

«Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары