27.03.2023, 14:37
Оқиғалар
Алматыда жолға таласқан жүргізушілердің бірі екіншісіне оқ атқан
Оқиға Наурызбай ауданында болған
Видеодан кадр
Алматыда жолға таласқан жүргізушілердің бірі екіншісіне оқ атты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Наурызбай ауданында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, соның салдарынан олардың бірі қарсыласының бетінен атқан. Күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген «ИЖ» газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды