Серік Күдебаевтың соты тағы өтпей қалды
Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған
Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен төртінші рет кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаровтың айтуынша, Серік Күдебаевтың ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге шегерілген.
Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Жуырда Күдебаевтың ұлы Президентке бейнеүндеу жолдаған болатын.
Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз.