Теміртаудағы екі жасар баланың өлімі жайлы тың деректер пайда болды
Күдікті уақытша ұстау изоляторынан Қарағандыдағы тергеу изоляторына жеткізілді
Теміртау соты 2 жасар баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы жігітті екі айға қамауға алды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy patriotnews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, анасы баланы екі күнге қалдырып, кетіп қалған. Оның кетуінің себебі – бірге тұратын адаммен жанжал. Екі күннен кейін ол келіп, жүрегінде бірнеше рет пышақ жарақаты бар ұлын көреді.
Күдіктінің өзі 10 бала тәрбиеленген көпбалалы отбасынан шыққан. Журналистер оның әкесінен жиі таяқ жегенін анықтады. Олардың отбасы полицияда және қамқоршылық органдарында есепте тұрған.
Тергеу соты оны қамауға алуға рұқсат берді. Күдікті уақытша ұстау изоляторынан Қарағандыдағы тергеу изоляторына жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 23 наурызда Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінен пышақ жарақаты бар 2 жасар баланың мәйіті табылған болатын. Баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталған еді.