$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2023, 15:35
Оқиғалар

Жасөспірімдер аяусыз ұрып-соққан: дәрігерлер Есік қаласындағы ер адамның жағдайы туралы айтты

Ол дәрігерлерге 7 наурыз күні жеткізілген

Жасөспірімдер аяусыз ұрып-соққан: дәрігерлер Есік қаласындағы ер адамның жағдайы туралы айтты

Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер аяусыз ұрып-соққан Таутүрген ауылының 49 жастағы тұрғынының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Tengrinews.kz мәліметіне жүгінсек, жәбірленушінің өміріне енді қауіп төніп тұрған жоқ.

«Жағдайы тұрақты, жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Дүйсенбіде шығаруға дайындалып жатырмыз», - деді Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының өкілі.

Еске салайық, 49 жастағы тұрғын Есік ауруханасына 7 наурызда 3:17-де жеткізілген еді. Кейін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының криминалды полициясы 2006, 2007, 2008 жылдары туған үш жасөспірімді анықтады. Олар ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінген. Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары