Қазіргі таңда қанша үй су астында тұрғаны белгілі болды - ТЖМ
Бұл тасқыны кезеңі басталғалы 162 тұрғын үй су астында қалған

«ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 162 тұрғын үй, 3 ғимарат (спроткешен, кафе және СТО) және 20 саяжай еріген және жаңбыр суының астында қалды. Олар: Түркістан (1-Арыс), Павлодар (1-Баянауыл), Абай (1-Аягөз, 2-Семей), Батыс Қазақстан (73 үй, 20 саяжай) және Ақтөбе (Қобда ауылындағы 79 үй және 3 ғимарат, 5-Ойыл) облыстарында», - деді Оразалин.
Оның айтуынша, барлығы 957 адам эвакуацияланды.
«Қауіпсіз жерлерге 5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды. Бүгінгі таңда су басқан күйінде Ақтөбе облысындағы 13 тұрғын үй қалып отыр. Ақтөбе (7) және Қостанай (1) облыстарында жергілікті маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде шаю жалғасып жатыр.Уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарына 311 адам (Ақтөбе) орналастырылды, тұрғылықты жеріне 646 адам оралды», - деді Қаһарман Оразалин.