Түркия Президенті кәсіпкерлерді зілзаладан кейінгі апат аймағын қалпына келтіруге көмектесуге шақырды
Түрік мемлекетінің басшысы 26-шы Еуразиялық экономикалық саммитіне қатысушыларға жүгінді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кәсіпкерлерді ақпан айындағы жер сілкіністерінің салдарын жою үшін қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Anadoly агенттігіне сілтеме жасап.
Түрік көшбасшысы "Мармара тобы" қорының бастамасымен Ыстамбұлда ұйымдастырылған 26-шы Еуразиялық экономикалық саммитке қатысушыларға бейне үндеу жолдады.
Ердоған магнитудасы 7,7 және 7,6 жер асты дүмпулерін қамту аймағында жалпы 14 млн адам болғанын, ал Түркияның 48 мыңнан астам тұрғыны апат құрбаны болғанын атап өтті.
Жер сілкінісі түрік экономикасына үлкен зиян келтіргені сөзсіз.
«Бір жыл ішінде өңірдің инфрақұрылымын және зардап шеккен барлық елді мекендерді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте мемлекеттің ғана емес, кәсіпкерлердің де үлесі маңызды», - деп атап өтті ол.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17 - де – 7,7 балл және 13.24-те-7,6 балл).
Сондай-ақ, көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда, Ливанда, Солтүстік Кипр Түрік Республикасында, грек Кипрінде және Иракта жойқын жер сілкіністері болды.
Түркияда ақпаннан бері бірнеше рет жер сілкіні тіркелді. Күні кеше магнитудасы 4,9 және 4,7 жер сілкінісі тіркелді. Соңғысы зілзаланың ошағы Қахраманмараш аймағынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде болды. Тереңдігі 5 шақырым. Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апат орын алған алғашы күні-ақ, Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлаған еді. Бұдан бөлек, зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарына барып қайтты. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100-ден астам қазақ үйін тігіп, тонналап гуманитарлық көмек жеткізді.